Аргентина президенті Мессиге хабарласып, құрамадан кетпеуін сұрады

Аргентина президенті Маурисио Макри ел құрамасының шабуылшысы Лионель Мессиге хабарласып, ұлттық командадан кетпеуін сұрады.

«Макри Мессиге қоңырау шалып, құрама ойынынан алатын мақтаныш сезімі туралы айтты, сындарға құлақ аспауын сұрады», - дейді мемлекет басшысының өкілі.

Айта кетейік, кеше Аргентина құрамасы Америка кубогының финалында Чили командасына пенальти сериясында жол берген, ал Лионель Месси он бірметрлік соққыны қиыс тепті. Осыдан кейін Месси ұлттық құрамада мансабын аяқтайтынын айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или