Азат Нұрғалиев: «Астанада» ойнау мүмкіндігі бәріне беріле бермейді»

Азат Нұрғалиев: «Астанада» ойнау мүмкіндігі бәріне беріле бермейді»

Жақында ғана «Астанаға» ауысқан Азат Нұрғалиев Prosportkz.kz тілшісіне «Ордабасыдан» не үшін кеткенін және «Қайратпен» өткен кездесу жайлы айтып берді.

- Азат, «Астанаға» «Қайратты» ұту үшін не жетіспеді?

- Қос команда өте жақсы ойын көрсетті. Бізде де, «Қайратта» да, екінші таймда гол соғатын мүмкіндіктер болды. Тең нәтиже әділетті болар еді.

- Елордалық клуб сабындағы алғашқы матчыңызда «Қайрат» сынды командаға қарсы ойнау қаншалықты ауыр болды?

- «Қайратпен» ойынға бір күн қалғанда «Астанаға» ауыстым. Аса қиналған жоқпын. Бір чемпионатта ойнаймыз,  бұған қоса көп ойыншыларын Ұлттық құрамадан бері танимын. Трансфердің тым ұзаққа созылуы ғана мен үшін ауыр болды. Бірақ Аллаға шүкір, ауыстым, енді «Астанаға» көмектескім келеді.

- Елордалық клубқа жалға берілдіңіз бе әлде қалай?

- Шым айтсам, өзім де білмеймін.

- Екі аптадан кейін Чемпиондар лигасы басталады. Басты мақсат - былтырғы нәтижені қайталау ма?

- Қазір осал қарсыластар жоқ. Әр ойында соңына дейін ойнауымыз қажет. Топтық кезеңге шыға аламыз деген ойдамын.

- «Ордабасыдан» кету қаншалықты ауыр болды?

- Әрине, бұл шешімді қабылдау мен үшін қиын болды. «Ордабасыға» алғыс айтқым келеді. Маған қолдау көрсеткен жанкүйерлеріме, бапкерлеріме, командаластарыма көп рахмет. Бірақ, бұл өмір - мұнда бәрі мүмкін. «Астана» сияқты командада ойнау мүмкіндігі бәріне беріле бермейді. Жанкүйерлер мені түсінетін шығар деген ойдамын. Ал «Ордабасыға» мен сәттілік тілеймін!

- «Ордабасы»  жақын күндері Еуропа лигасында сербиялық «Чукаричкимен» кездеседі. Шымкенттік клуб келесі кезеңге өте алады ма?

- Сербиялық клуб - мықты қарсылас. «Ордабасыға» тек жеңіс тілеймін. Шымкенттік клуб келесі кезеңге өтеді деген үміттемін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или