Бельгия мен Венгрия 42 соққы жасап, ЕУРО-2016 рекордын орнатты

Қақпаға жасалған барлық соққы голға айналса, Бельгия 27:15 есебімен жеңер еді.

Кеше Еуропа чемпионатының 1/8 финалында Бельгия Венгрияны 4:0 есебімен жеңді, ойын барысында бұл есеп басқаша болуы мүмкін еді. Матч бойы екі команда бір-бірінің қақпасына 42 соққы жасаған, бұл Франциядағы ЕУРО-ның ең үздік нәтижесі саналады.

Венгриялықтар 15 соққы жасап, оның алтауы қақпаға дәл барған. Белгиялықтар тепкен 27 доптың 12-сі Габор Кирай қақпасына тура бағытталған.

Бельгия құрамасы өзінің келесі матчын Уэльс командасына қарсы өткізеді. 1/4 финал матчы 1 шілдеде болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или