Чили қатарынан екінші рет Америка кубогын жеңіп алды

Чили қатарынан екінші рет Америка кубогын жеңіп алды

АҚШ-та өтіп жатқан Америка кубогының финалында Аргентина мен Чили құрамалары кездесті.

Ойын көп голмен жанкүйерін қуанта алмады. Кездесудің негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен аяқталды. Ал пенальти сериясында Чили ойыншылары дәлдік танытып, жеңіске жетті.

Айта кетейік, пенальти сериясында Аргентина сабында Лионель Месси мен Лукас Билья гол соға алмады. Ал Чили құрамынан Артуро Видаль мүлт кетті.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр да Америка кубогының финалында Аргентина мен  Чили құрамалары кездескен. Ол кезде де ойынның негізгі және қосымша уақыттары 0:0 есебімен аяқталып, пенальти сериясында чилиліктер жеңіске жеткен еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или