Бернд Шторк Венгрияны ширек финалға алып шыға алмады

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Бернд Шторк Венгрияны Еуропа чемпионатының ширек финалына алып шыға алмады.

1/8 финалда венгриялықтар Бельгия құрамасымен күш сынасқан. Ойынның басында-ақ Тоби Алдейверелд бельгиялықтарды алға шығарды. Матчтың аяғына таман Габор Кирайдың қақпасына тағы үш гол кірді. 78-минутта Миши Бачуай көзге түссе, бір минуттан соң Эден Азар жойқын соққымен қанжығасын майлады. Ойынның нүктесін 91-минутта Янник Феррейра-Карраско қойды - 4:0.

Бельгия ширек финалда Уэльс құрамасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или