ЕУРО-2016. Француздар мен немістер - ширек финалда

ЕУРО-2016. Француздар мен немістер - ширек финалда

Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған тағы екі команда анықталды.

1/8 финалда турнир қожайындары француздар Ирландия құрамасынан айласын асырды. Ойынның 2-минутында Брэйди пенальтиден көзге түсіп, ирландиялықтарды есепте алға шығарған. Франциялықтар таразы басын екінші таймда ғана теңестіре алды. 58-минутта Антуан Гризманн есепті теңестірсе, араға үш минут салып өз құрамасын алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1.

Ал немістер словактармен кездескен болатын. Бұл ойында да есеп тез ашылды. 8-минутта Жером Боатенг жойқын соққымен Германияны алға шығарды. Көп ұзамай немістер есепті еселейтін мүмкіндікті пайдалана алмады. Месут Өзілдің пенальтиден жасаған соққысына словакиялық қақпашы төтеп берді. Бірақ бірінші тайм аяқталар тұста Марио Гомес қанжығасын майлады. Ал екінші таймда Юлиан Дракслер кездесудің нүктесін қойды - 3:0.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или