Димитар Димитров: «Менің ойымша, әділетті жеңіске қол жеткіздік»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров талдықорғандық «Жетісумен»</strong><strong> өткен кездесу жайлы айтып берді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Менің ойымша, әділетті жеңіске қол жеткіздік. Фалль, Джаллоу мен Мұртазаев бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерін жіберіп алды. Ал қарсылас команда бірінші мүмкіндігінен-ақ гол соқты. Футболда мұндай болып тұрады. Артынша, есепті теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алдық. Жігіттер мінездерін көрсетті. Бірақ шабуылдағы ойынымызға көңілім толмады. Елдос Ахметовтың жарақат алғаны өте өкінішті, оның алаңға қашан оралатыны әзірге белгісіз», - деді Димитров «Ертістің» баспасөз-қызметіне.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или