Григорий Сартаков: «Өз алаңымыздағы тең кездесулерден кейін жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз»

Григорий Сартаков: «Өз алаңымыздағы тең кездесулерден кейін жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз»

«Ертістің» қорғаушысы Григорий Сартаков ProsportKz.kz тілшісіне «Жетісумен» өткен ойын (3:1) жайлы айтып берді.

- Қорытынды нәтижеге қарамастан, «Ертіс» үшін бұл ойын өте тартысты өрбіді. Сіз қалай ойлайсыз?

- Соңғы минуттарда жеңісті жұлып алдық. Өкінішке қарай, бұған дейінгі ойындарда бұл қолымыздан келмеді. Өз алаңымыздағы тең кездесулерден кейін жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз.

- Қарсылас команда өзіне берілген бірінші мүмкіндіктен гол соқты...

- Футболда мұндай болып тұрады. Өзіміз гол соға алмай, қарсылас командадан гол жіберіп алдық. Бірақ қуанышымызға орай, есепті теңестіріп жеңіске жеттік.

- Үзілісте бас бапкер қандай нұсқау берді?

- Шабуылда бар күшімізді салуды сұрады. Гол соғу керек екенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или