ЕУРО-2016. Алғашқы ширек финалистер белгілі

Футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы ширек финалистері белгілі болды.

Кеше Францияда ЕУРО-ның 1/8 финалындағы алғашқы үш матч ойналды. Бірінші болып алаңға Швейцария мен Польша құрамалары шыққан. Ойынның 39-минутында Якуб Блащиковски поляктарды есепте алға шығарды. Кейін 82-минутта Шердан Шакири тамаша соққымен таразы басын теңестіріп тастады. Осылайша, бұл жұптың жеңімпазын пенальти сериясы анықтап берді - бұл тұста польшалықтардың жолы болды.

Польшаның ізімен Уэльс құрамасы да ширек финалға жол тартты. Солтүстік Ирландиямен кездескен олар қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. 75-минутта ирландиялық Маколи допты өз қақпасына соғып алған болатын.

Топтық кезеңде Испанияны артта қалдырған Хорватия құрамасы 1/8 финалда сүрінді. Португалия құрамасы овертайм аяқталар тұста соққан голының арқасында ширек финалға жолдама алды. Ойындағы жалғыз гол Куарежманың еншісінде. Португалия ширек финалда Польшамен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или