Англияның премьер-лигасында ойнайтын 122 футболшы жұмыссыз қалуы мүмкін
<p style="text-align: justify;">
Ұлыбританияның Еуропа одағы құрамынан шығу жөніндегі шешімі Англия чемпионатында өнер көрсететін футболшыларға кері әсерін тигізгелі отыр. Бірден 122 ойыншы Англияда жұмыс істеу рұқсатынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды ВNews.kz.</p>
<p style="text-align: justify;">
ФИФА-ның ережесі бойынша Ұлыбританияда, оған қоса бұл мемлекет ЕО-ға мүше болмаса, соңғы 24 ай ішінде елдің ұлттық құрамаларының 30% матчтарына қатысқан ойыншылар өнер көрсете алады.</p>
<p style="text-align: justify;">
Сонымен қатар ол ел ФИФА-ның рейтингісінде 11-ден 20-шы орындарды иеленетін болса, онда өз елінің ұлттық құрамасының матчтар пайызы 45%-ға дейін жетуі тиіс. Ендеше, келесі маусымда Антони Мартиаль, Димитри Пайе, Нголо Канте және басқа да ойыншылар өнер көрсетпеуі мүмкін.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығуы жөніндегі референдумда 16,7 миллион сайлаушының дауысын жинаған Brexit-ті жақтаушылар жеңіске жетті. Елдің ЕО-дан шығуын жақтаушылар 51,9 пайыз дауыс жинаса, сақтап қалуға 48,2% адам дауыс берген.</p>
<p style="text-align: justify;">
</p>
<body id="cke_pastebin" style="position: absolute; top: 8px; width: 1px; height: 1px; overflow: hidden; left: -1000px;">
<p style="text-align: justify;">
BNews.kz </p>
</body>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или