Станимир Стойлов: «Ойын тізгінін өз қолымызда ұстап, көп шабуылдадық»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Қайратпен» өткен ойын жайлы өз пікірін айтты.

- Бүгінгі дерби өте тартысты өтті. Біздің команда ойын тізгінін өз қолында ұстап, көп шабуылдады. Бірақ мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. «Қайрат» бірінші қауіпті сәтті ұтымды пайдаланып, гол соқты. Алматылық команданы жеңіспен құттықтаймын.

- Жеңілістен кейін командаңыздың көңіл-күйі көтереңкі ғой...

- Әлі талай ойын алда. «Қайратқа» қарсы да тағы бірнеше рет ойнаймыз. Сізбен келіспеймін, жеңілгеннен кейін команданың көңіл-күйі болмады. Енді бірнеше күн демалып, қайта жаттығуға кірісеміз. Себебі он бес күннен Чемпиондар лигасы басталады.

- Чемпиондар лигасы қарсаңында жаңа ойыншылар командаға келеді ме?

- Қазір біз Ибраими мен Кабанангаға үміт артудамыз. Қорғанысқа тағы бір футболшыны алуымыз мүмкін. Бәрі өзімізге байланысты, егер бар күшімізді салып, соңына дейін тырыссақ, онда келесі айналымға өтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или