Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалды

Бүгін, 24-маусым күні Астанадағы баспасөз мәслихатында Байсуфинов ресми түрде құраманың бас бапкері болып таныстырылды деп хабарлайды vesti.kz.

Байсуфинов пен Нүркен Мәзбаев осыған дейін бас бапкердің қызметін уақытша орындаушы болып жұмыс атқарған болатын. Үш ойында 2 жеңіске жетіп, 1 ойынды тең аяқтаған Байсуфиновке енді ресми түрде бас бапкер лауазымы берілді.

Қожағапановтың айтуынша Байсуфинов бапкерге әлем чемпионатына шығу тапсырмасы берілген.

« Байсуфиновтың басшылығымен құрама жақсы ойын көрсетіп жүр. Төрт ойында жеңілмедік. Қытай мен Әзірбайжанды ұттық. Ардагерлермен кеңесе отырып бапкердің алдына әлем чемпионатына шығу мақсаты қойылды», - деп айтып өтті Қожағапанов.

Осыған дейін Юрий Кросножан ұлттық құрама тізгінін ұстаған болатын. БАҚ ақпаратына сүйенсек екі жылдық қызметінде ресейлік маман 5 миллион доллар алған екен.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или