Бақтияр Байсейітов: «Жанкүйерлердің көңілінен шығатын әдемі футбол көрсетуге тырысамыз»

«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Бақтияр Байсейітов Еуропа лигасының жеребесі туралы өз ойын білдірді.

— Шымкенттік клуб Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі қарсыласымен анықталды. «Чукарички» жайлы не білесіз?

— Былтыр Сербияға барғанымда бұл команданың ойынын тамашаладым. Өте мықты ұжым. 4-3-2-1 схемасын қолданады. Бір шабуылшысы ұнады, қазір ол командада бар ма білмеймін. Техникасы мықты орталық жартылай қорғаушысы бар және оң қапталдағы қорғаушысы жақсы ойнайды. Соңғысын мен байқауға шақырғым келген. Жалпы «Чукаричкиде» шебер ойыншылар көп. Жеребе рәсімі біз үшін сәтсіз өтті деп айта алмаймын. Сербиялық ұжым он күн бұрын ғана жаттығуларын бастады, біз болсақ көктемнен бері ойнап жүрміз. Осы фактордың арқасында жеңіске жетуіміз мүмкін. Жанкүйерлердің көңілінен шығатын әдемі футбол көрсетуге тырысамыз.

— Былтыр «Бейтармен» өткен ойында Израильге әрең ұшып жеттіңіздер. Бұл жолы жағдай қалай?

— Бұл проблема әлі де бар. Қазір осы мәселені шешудеміз. Қайта Мәскеу арқылы жолға шығамыз. Чартермен ұша алмайтын болдық.

— Сербиялық команда мықты екенін айттыңыз. «Ордабасы» болса өз құрамасын күшейтеді ме?

— Мен бас бапкер болған соң, ойыншылардың жиі алаңға шыққанын қалаймын. Осы мақсатта Әшірбеков, Тәжімбетов пен Ерланов басқа командаларға ауысты. Қосалқы құрамда отырғанша ойнасың деп шештім. Еуропа лигасына мықты ойыншылармен күшейгіміз келеді. Жақында Гогуаны сатып алдық. Енді бір шабуылшы, бір қорғаушы және бір жартылай қорғаушы керек командаға. Мүмкіндік болып жатса қақпашыны да сатып аламыз.

— Келіссөздер жүріп жатыр ма?

— Иә.

— Қай ойыншылармен?

— Әзірге ештеңе айта алмаймын.

— «Ордабасы» маусымның 30-на дейін жаңа ойыншыларды тізімге енгізуге үлгереді ме?

— Үлгереміз деген ойдамын.

— Тағы бір маңызды сұрақ. Қарымта ойын Шымкентте ме әлде Алматыда өтеді ме?

— Шымкентте!

Естеріңізге сала кетсек, Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде шымкенттік «Ордабасы» сербиялық «Чукаричкимен» кездеседі. Алғашқы матч маусымның 30-ы Белградта өтсе, қарымта ойын 7-ші шілде күні Шымкентте жоспарланған.

tvk-uko.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или