Дмитрий Васильев: «Бізге мықты қарсылас түсті»

«Ақтөбенің» директоры Дмитрий Васильев УЕФА Еуропа лигасының жеребесі туралы өз пікірін айтты, деп хабарлайды Kazfootball.kz.

— МТК клубы мықты қарсылас екені көрініп тұр. Команда 1888-ші жылы құрылған екен. Бірнеше рет Венгрия чемпионатын жеңген. Дәстүрі сақталған ұжым. МТК туралы ақпараттар жинадық, бұл командада легионерлер аз екен. Көбінде жас венгриялық футболшылар ойнайды. Академияның түлектері. Демек, олар бір-бірін жақсы түсінеді. Венгриядағы ең мықты ұжымдардың бірі. Бізге жақсы қарсылас түсті. Амал қанша, ойнаймыз. Өзімізді көрсетуге тырысамыз.

— Басқа қазақстандық командаларға қарағанда «Ақтөбеге» мықты команда түсті. Бұл ойынға дайындық басталды ма?

— Жоқ. Қазір біз «Оқжетпеске» қарсы ойынға дайындалудамыз. Бұл ойын біткеннен кейін бірақ Еуропа лигасына дайындықты бастаймыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или