ЕУРО-2016. D тобы сенсациямен аяқталды

ЕУРО-2016. D тобы сенсациямен аяқталды

Еуропа чемпионатының D тобы сенсациялық түрде аяқталды.

Алғашқы екі тур бойы қарсыластарына жол беріп, өз ойындарын көрсете алмаған Түркия құрамасы чехтарға қарсы ойында жиналып, жеңісті жұлып әкетті. Матчтың 10-минутында Бурак Йылмаз түріктерді есепте алға шығарған. Кейін 66-минутта Озан Туфан есепті 2:0-ге жеткізді.

Осылайша түрік ағайындардың еншісінде үш ұпай бар. Фатих Терим шәкірттерінде плэй-оффқа шығу мүмкіндігі туындап тұр. Ал Чехия құрамасы жалғыз ғана ұпаймен топта соңғы орын алды.

ЕУРО-2016. Топтық кезең. D тобы. 3-ші тур,

Чехия 0:2 Түркия

Чехия: Чех, Сивок, Пудил, Кадержабек, Губник, Плашил (Коларж, 90), Дарида, Дочкал (Шурал, 71), Павелка (Шкода, 56), Крейчи, Нецид.

Түркия: Бабаджан, Балта, Кейбаши, Генюль, Инан, Туран, Топал, Шен (Озъякуп, 61), Туфан, Мор (Шахан, 69), Йылмаз (Тосун, 90)

Голдар: Бурак Йилмаз 10, Озан Туфан, 66

Ескертулер: Плашил 36, Павелка 39, Шурал 87 - Кейбаши 35, Балта 50

Бас төреші: Уильям Коллам (Шотландия)

Нағыз сенсация паралельді өткен кездесуде болды. Испания мен Хорватия өзара кімнің бірінші және екінші орындармен шығатынын сарапқа салған. Нәтижесінде хорваттар Еуропа чемпиондарынан айласын асырды. Испандар үшін матч сәтті басталған еді. 7-минутта Альваро Мората Висенте Дель Боске шәкірттерін есепте алға шығарды. Бірақ 45-минутта Калинич есепті теңестіріп тастады.

Екінші таймда Серхио Рамос ойынның нүктесін қоюға жақын болған. Бірақ қорғаушы пенальтиден гол соға алмады. Нәтижесінде ойынның аяқталуына жақын қалғанда Перишич хорваттарға жеңіс сыйлады – 2:1.

Осылайша, 7 ұпай жинаған Хорватия топтан бірінші орынмен шықты. Ал Испания екінші орынды қанағат тұтты. Енді 1/8 финалда испандарға Италия қарсылас болады.

Хорватия - Испания 2:1 (1:1).

Голдар: Мората, 7 (0:1). Н. Калинич, 45 (1:1). Перишич, 87 (2:1).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или