Вальдас Дамбраускас: «Астана» қазір нағыз бабында»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Жальгирис» футбол клубының бас бапкері Вальдас Дамбраускас «Астананың» қауіпті қарсылас екенін айтты. </strong><br />
<br />
— Әзірге нақты бірдеңе айту қиын. Бірақ қарсыласымыз өте мықты команда. Алдағы уақытта, «Астананы» зерттей бастаймыз. Былтыр олар Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсеткен. Біз болсақ, швециялық «Мальмені» ұтуға жақын болдық. Сондықтан біз ешкімнен қорықпаймыз. «Астана» Қазақстан чемпионатында көш бастап келеді. Олардың қаржысы көп, командаға жақсы легионерлер келуде. Бұған қоса «Астана» қазір нағыз бабында, — деді литвалық клубтың бас бапкері «Жальгиристің» ресми сайтына.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или