Эгидиюс Вайткунас: «Астанаға» қарсы кездесулер тартысты болайын деп тұр»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Жальгиристің» капитаны Эгидиюс Вайткунас Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарсыласы «Астана» клубы жайлы айтып берді.</strong><br />
<br />
— Ұлттық құрама сабында Қазақстанға қарсы ойнағанмын. Аталмыш ойын тең аяқталған болатын. «Астанамен» өтетін кездесу де тартысты болайын деп тұр. «Астана» - мықты қарсылас, бірақ біздің үшінші кезеңге шығу мүмкіндігіміз жақсы. Ол үшін қос матчта бар күшімізді салуымыз қажет. Бірінші ойынды өз алаңымызда өткіземіз. Бұл кездесуде жеңіске жетуіміз керек, — деді Вайткунас «Жальгиристің» ресми сайтына.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или