Георгас Фрейдгеймас: «Жальгиристің» «Астананы» өтуге жақсы мүмкіндігі бар»

«Ертістің» литвалық қорғаушысы Георгас Фрейдгеймас ProsportKz.kz тілшісіне «Жальгирис»-«Астана» кездесуінен не күтуге болатынын айтып берді.

- Георгас, «Жальгирис» сізді биылғы маусым алдында керекулік клубқа жалға берді. Енді міне литвалық команда Чемпиондар лигасында «Астанаға» қарсы ойнайды. Бұл матч жайлы пікіріңіз қандай?

- «Астананың» Чемпиондар лигасында «Жальгириспен» кездесетініне қуанышты болдым. Литвалық команданы Қазақстанда көргім келіп еді. Әрине, «Астананың» қаржысы «Жальгиристен» әлдеқайда көп, бірақ литвалық клубтың келесі кезеңге өту мүмкіндігі жақсы. Бірақ ол үшін команда бар күшін салу керек.

- Литвалық клубтың жетекші ойыншыларын атап шыға аласыз ба?

- Нақты жетекші ойыншылары жоқ. «Жальгиристегі» футболшылардың деңгейі бірдей. Ең алдымен, литвалық клуб ұжым ретінде мықты.

- «Астана» соңғы кездесуінде «Ертіспен» кездесті. Қарсылас команданың физикалық дайындығы турал не айта аласыз?

- «Астана» әлі де Чемпиондар лигасы қарсаңында мықты ойыншылармен күшейеді. Бізге қарсы ойында елордалық клубтың осал тұстары білінді. Біздің де құрамамыз әлсіздеді, бірақ соған қарамастан «Астанадан» ұтылмадық. Ал Чемпиондар лигасында тек екі ойын, сондықтан бәрі мүмкін. «Астананы» бұл матчтың фавориті деп айтуға асықпас едім.

- Астанадағы «Жальгиристің» матчына келесіз бе?

- Келгім келеді, бірақ бұл маған байланысты емес. Егерде мүмкіндік болып жатса, әрине, «Астана-Аренада» «Жальгириске» қолдау көрсетемін!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или