Еурокубок алдында «Ақтөбенің» 8 ойыншысы жарақат алды

Санаулы күндерден соң «Ақтөбе» Еуропа лигасында алғашқы матчын өткізеді.

Әзірше ақтөбелік ұжымда кадрлік қиындықтар болып жатыр. Команданың бірден сегіз ойыншысы жарақат алып, әлі емделу үстінде. Оның үстіне, олардың басым бөлігі команданың негізгі құрамында ойнайды.

Атап айтар болсақ, Тоқтар Жанғылышбай, Самат Смақов, Бобир Давлатов, Михаил Петролай, Самат Отарбаев, Асланбек Кәкімов, Абат Айымбетов және Әбілхан Әбдікәрімов жарақаттанған. Бұлардың ішінде тек қақпашы Отарбаев пен шабуылшы Жанғылышбай ғана еурокубок ойындарына дейін айығып үлгеруі мүмкін. Қалған ойыншылардың жарақаты күрделірек, алдағы ойындарда өз командасына көмектесе алмайды.

Сондықтан, легионерлердің орнын алмас үшін «Ақтөбе» өзбекстандық Давлатов пен ресейлік Петролайды маусымның тіркеуінен алып тастады. Енді ақтөбелік ұжым еурокубок ойындарына дейін шетелдік бір шабуылшымен күшеймек.

Айта кетейік, ел біріншілігінің 17-турында «Ақтөбе» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдаған еді. Алаң иелері құрамынжа жарақат алған сегіз ойыншыдан бөлек, төртінші сары қағазын еншілеген Виктор Крюков ойнай алмады. Нәтижесінде алаң иелерінің қосалқы құрамы «Қайраттың» азулы ойыншыларынан 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Естеріңізге сала кетсек, кеше Еуропа лигасының жеребесі тартылып, «Ақтөбенің» алғашқы қарсыласы анықталды. Бірінші іріктеу кезеңінде ақтөбелік командаға венгриялық «МТК Будапешт» клубы қарсылас атанаған. Бірінші ойын 30 маусымда Ақтөбеде өтсе, қарымта кездесу 7 шілдеде Будапешт қаласында ойналады. «МТК Будапешт» командасы туралы қысқаша ақпартты мына сілтемеден қарай аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или