Қазақстандық командалар еурокубоктарға қаншалықты дайын

Қазақстандық командалар еурокубоктарға қаншалықты дайын

Алдағы аптада қазақстандық командалар еурокубоктардың жарыс жолына шығады.

Еуропада бақ сынайтын төрт отандық клубтың үшеуі Еуропа лигасында өнер көрсетсе, біреуі – Чемпиондар лигасында бақ сынайды.

ProsportKZ.kz тілшісі қазақстандық клубтардың еурокубоктарға қаншалықты дайын екенін анықтап көрді.

«Ордабасы»

Қарсыласы: «Чукарички» (Белград, Сербия)

Екінші айналымда болуы мүмкін қарсыласы: «Видеотон» (Венгрия) – «Заря» (Молдова)

Шымкенттік ұжым Еуропа лигасының бірінші іріктеу айналымында белградтық «Чукарички» футбол клубымен кездеседі. Әзірге, «Ордабасының» бұл қарсыласын қай алаңда қабылдайтыны белгісіз – УЕФА Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда ойнауға рұқсат бермеді. Демек, оңтүстік қазақстандық команда өз кездесулерін Алматы немесе Астанада өткізуі мүмкін. Қазіргі таңда, Бақтияр Байсейітовтың командасы әлі толық бабында емес, бұған қоса клубта гол соғатын шабуылшы жоқ. «Ордабасының» хорватиялық форварды Эдин Юнузович жарақатына байланысты өз командасына көмектесе алмайды. Сондықтан да шымкенттік клубтың басшылығы өзбекстандық Александр Гейнрихпен келісімшартты бұзуға асықпайды. Осылайша, шабуылда бар үміт – черногориялық Филип Касалицада. Ал команданың капитаны Азат Нұрғалиев жақын арада «Астанаға» ауысуы ықтимал. Бұл жағдайда шымкенттік команданың жағдайы одан әрі қиындамақ. Себебі, Азат шымкенттік клубтың нағыз жетекші ойыншысы. Ал «Ордабасының» қарсыласы «Чукарички» жайлы айтатын болсақ, бұл өте мықты ұжым. Осыдан екі жыл бұрын Сербия кубогын ұтып алған команда. «Чукарички» жас сербиялық футболшылардан жасақталған, арасында бразилиялық пен африкалық легионерлер де бар. Команда соңғы екі маусымда Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп келеді. Былтыр әзірбайжандық «Габаладан» айласын асыра алмаған болатын. Соған қарамастан, «Ордабасы» мен «Чукаричкидің» деңгейлері шамалас сияқты. Физикалық тұрғыда шымкенттік команданың дайындығы жақсырақ екенін ескерсек, оңтүстік қазақстандық ұжымның келесі айналымға өту мүмкіндігі жоғары.

«Ақтөбе»

Қарсыласы: «МТК Будапешт» (Венгрия)

Келесі айналымда болуы мүмкін қарсыласы: «Габала» (Әзірбайжан) – «Самтредиа» (Грузия)

«Ақтөбе» алғашқы айналымда 23 дүркін Венгрия чемпионы МТК клубымен кездеседі. Бірақ Еуропада ойнауға жолдама алып берген футболшылардан «Ақтөбе» сабында тек Дидар Жалмұқан мен Абат Айымбетов қана қалды. Біріншісі, сол уақыттан бері нағыз бомбардирге айналса, екіншісі – қосалқы құрамда доп теуіп жүр. Бұл, әрине, «Ақтөбенің» жаңа бас бапкері Юрий Уткульбаевтің Абатға сенім артпауы. Кезінде «Рубиннің» қосалқы командасын жаттықтырған ресейлік маман батыс қазақстандық командаға өзімен бірге бірнеше ресейлік жас ойыншыларды әкеліп, бұл тізімге тәжірибелі Самат Смақовты қосқан болатын. Чемпионатты тәп-тәуір бастаған ақтөбелік ұжым Еуропа лигасы таяп қалған сәтте әлсіз ойын көрсете бастады. Бұған қоса, команда капитаны Самат Смақов алдағы ойындарға қатыса алмайды. Жақында ғана «Ақтөбе» Еуропа лигасына дайындық барысында екі легионермен толықты. Команданы ивуарлық шабуылшы Лассина Дао мен сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевич күшейтті. Бұл жігіттердің клубқа қаншалықты пайдасын тигізетінін алдағы уақытта көреміз. Бірақ қазіргі ойынымен «Ақтөбеге» венгриялық МТК клубынан айласын асыру өте қиын болмақ. «МТК Будапешт» былтыр Венгрия чемпионатында төртінші орын алған болатын. Енді биыл мадиярлар Еуропа лигасында бақ сынамақ. Жалпы, бұл жұптың фавориті осы венгриялықтар болмақ.

«Қайрат»

Қарсыласы: «Теута» (Дурес, Албания)

Келесі айналымда болуы мүмкін қарсыластары: «Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Горица» (Словения)

Былтыр ғана Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуға жақын болған алматылық команда биыл не болса да бұл жетістітігін қайталамақ. Қайталауы да әбден мүмкін, себебі «Қайрат» бір жыл ішінде жоғары деңгейлі футболшылармен толығып, бірталай тәжірибе жинады. Қазіргі таңда, «Қайрат» жақсы бабында – ел чемпионатында он матчтан көп уақыт болды, жеңілмей келеді. Яғни, Еуропа лигасына алматылық ұжым дайын. «Қайрат» сабында тек жарақат алған Бруно Соарес қана жоқ. Оның орнына клуб басшылығы тізімге чилилік футболшы Херсон Асеведоны енгізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта «Қайратты» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малый толықтырады. Сондай-ақ, ЕУРО-ға аттанған Анатолий Тимощук те еурокубоктағы алғашқы ойынға қатысады. Андрей Аршавиннің бұрынғы бабына ақырындап келуі, Исаэль мен Гоудың жеке шеберлігін ескерсек – «Қайрат» биыл да Еуропада шу шығарады. Бұған қоса, бірінші кезеңіндегі қарсыласы албаниялық «Теуте» футбол клубын аса мықты команда  деп айтуға қиын. Не болса да, алматылық ұжым әр ойынға тыңғылықты дайындалып, өзінің басты мақсатына жету үшін бар күшін салады. Бұл үшін алматылық клубта барлық жағдай жасалған. Бұны ойыншылардың өзі де, бас бапкер Кахабар Цхададзе де жақсы түсінеді.

Чемпиондар лигасы. «Астана»

Қарсыласы: «Жальгирис» (Вильнюс, Литва)

Былтырғы маусымның басты сенсация командаларының бірі – «Астана». Елордалық команда Қазақ футболының тарихын жаңартып, бұған дейін адам елестете алмаған нәтижелерге қол жеткізген болатын. Әрине, биыл бұл нәтижені қайталау өте қиын болмақ. Оны бас бапкер Станимир Стойловтың өзі де үнемі айтуда. Болгариялық маманның мәлімдеуінше, Еуропа лигасының топтық кезеңі де «Астана» үшін жақсы көрсеткіш болмақ. Бұған қоса, клубты әлі де күшейту қажет. Сол мақсатта, елордалық ұжым жақында Македония құрамасының футболшысы Агим Ибраимимен келісімшартқа отырды. Кезекте – босниялық қорғаушы Огнен Враньеш. Оның трансфері жақын күндері аяқталуы тиіс. Бірақ ең әлсіз позиция күшейтілмей қалуы мүмкін – бұл шабуыл. Сербиялық Джордже Деспотович чемпионатты жақсы бастағанымен Чемпиондар лигасы таяп қалған сәтте гол соғуды қойды. Ал түркияның Бірінші лигасында өнер көрсетіп келген Джуниор Кабананга әлі де өз ойынын таба алмауда. Сұрмергендерден тек Таңат Нөсербаев қана нәтижелі ойынымен көзге түсуде. Бірақ оның жиі жарақат алатынын ескерсек, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде «Астана» бомбардирсіз қалуы мүмкін. Ел чемпионатында ешкімге дес бермейтін «Астана» Чемпиондар лигасының бастапқы кезеңінен қиындықсыз өтуі қажет. Ондағы елордалық ұжымның қарсыласы – литвалық атақты команда «Жальгирис». Алты дүркін Литва чемпионы «Астананың» түскеніне мәз емес, бірақ «Селтик» немесе БАТЭ-ге қарсы ойнамайтынына қуануда. Вильнюстік командада екі бразилиялық және бір африкалық футболшы бар. Көбінде клуб жергілікті ойыншылардан жасақталған. «Жальгирис» соңғы жылдары Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінен ары аса алмаған. Бұл жолы да бұл дәстүр жалғасады деген үметтеміз. Әйтсе де, Чемпиондар лигасында жеңіл ойын жоқ, әр кездесуде аянбас тер төгу керек. Стойловтың ұжымы мұны жақсы түсінеді. Еңбек пен тәртіптің арқасында «Астана» биыл да Еуропаны таң қалдырады деген ойдамыз.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или