Уэльс пен Англия топтан шықты

Еуропа чемпионатының «В» тобында плэй-оффқа шыққан екі құрама белгілі болды.

Топтың көшбасындағы Англия шешуші матчта Словакияны ұта алмады. Ағылшындар мен словактардың кездесуі 0:0 есебімен тең аяқталды. Осылайша Уэйн Руни бастаған Англияның еншісінде 5 ұпай бар. Олар топтан екінші орынмен шықты. Ал словактар топта 4 ұпай жинай алды, команданың плэй-оффқа шығуына осы ұпай да жеткілікті болуы әбден мүмкін.

Словакия 0:0 (0:0) Англия

Словакия: Козачек, Шкртел, Губочан, Пекарик, Дюрица, Дуда (Швенто, 57), Куцка, Мак, Гамшик, Вайсс (Шкриньяр, 78), Печовски (Дьомбер, 67).

Англия: Харт, Кэйхилл, Бертран, Клайн, Смоллинг, Хендерсон, Дайер,Уилшер (Руни, 56), Лаллана (Алли, 60), Старридж (Кейн, 76), Варди.

Ескертулер: Печовски (24), Бертран (52).

Ал Англияның ұпай жоғалтқаны Уэльс құрамасына пайдалы болды. Гарет Бэйл бастаған құрама ресейліктерді 3:0 есебімен тас-талқан етіп, топта бірінші орын еншіледі – 6 ұпай. Ал Ресей 1 ұпаймен соңғы орында қалды.

Ресей - Уэльс 0:3 (0:2)

Голдар: Аарон Рэмзи 11, Нил Тейлор 20, Гарет Бэйл 67

Ескертулер: Мамаев, 64 – Воукс, 15

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или