Еуропа лигасы. Үш командамыздың қарсыластары белгілі

Бүгін футболдан УЕФА Еуропа лигасының бірінші мен екінші іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Осылайша, бұл жарыста ел намысын қорғайтын үш командамыз өз қарсыластарын білді.

Алматылық «Қайрат» бірінші іріктеу кезеңде албаниялық «Теутамен» күш сынасады. Шымкенттік «Ордабасы» болса сербиялық «Чукарички» командасымен кездеседі. Ал «Ақтөбе» венгриялық МТК Будапешт командасын қабылдайды.

Аталмыш ойындар маусымның 30-ы өтеді, ал қарымта кездесулер шілденің 7-не жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или