«Жальгирис» пен «Чукарички» - қандай командалар?

«Жальгирис» пен «Чукарички» - қандай командалар?

Биыл еурокубок ойындарында еліміздің намысын қорғайтын клубтардың алғашқы қарсыластары анықталды. «PROСПОРТ» тілшісі өз оқырмандарын осы қарсыластармен қысқаша таныстырып шықпақ.

«Астана» - «Жальгирис»

«Астана» Чемпиондар лигасын екінші іріктеу кезеңінен бастайды. Бұл кезеңде елордалық командаға рейтингіде өзінен әлсіз клуб түсу керек болатын. Жеребе латвиялық «Жальгирис» клубын алып шықты. 1947 жылдың 16 мамырында Вильнюс қаласында құрылған клуб соңғы жылдары Литва чемпионатында сәтті өнер көрсетіп жүр. Соңғы екі жылда вильнюстік команда ел чемпионы атанған. Еурокубоктық ойындарды сонау 1988 жылдан ойнап бастапты. Бұл команданың Чемпиондар лигасындағы үшінші жорығы болмақ. Алғашқы екеуі сәтсіз аяқталған. 2014/15 жылғы маусымда екінші іріктеу кезеңінде загребтік «Динамоға» екі ойынның қорытындысы бойынша 4:0 есебімен жол берген. Ал былтыр швециялық «Мальмеге» 1:0 есебімен есе жіберді. «Жальгирис» Чемпиондар лигасында әлі жеңіске жетіп көрмепті.

Немістің Transfermarkt порталына сүйенсек, литвалық ұжымның жалпы құны – 3.79 млн еуро. Ең қымбат ойыншылары – сенегалдық Мамаду Пепе Мбодж, литвалық Мариус Лалиукас және хорватиялық Марин Матос. Бұл ойыншылардың трансферлік құны – 300 мың еуро. Салыстырмалы түрде айта кеткен жөн. «Астана» ойыншыларының жалпы құны – 13, 39 млн еуро. Яғни, «Астана» ойыншылары «Жальгириске» қарағанда 3,5 есе қымбат.

Жетістіктері

КСРО чемпионаты
3-ші орын (1): 1987
Литва чемпионаты
Чемпион (6): 1991, 1992, 1999, 2013, 2014, 2015
2-ші орын (9): 1993, 1994, 1995, 1997, 1998, 1999, 2000, 2011, 2012
3-ші орын (4): 1990, 1996, 2001, 2010
Литва кубогы
Жеңімпаз (9): 1991, 1993, 1994, 1997, 2003, 2012, 2013, 2014, 2015
Финалист (5): 1990, 1992, 1995, 2000, 2001
Литва Суперкубогы
Жеңімпаз (5): 2003, 2013, 2014, 2015, 2016

«Ордабасы» - «Чукарички»

Еуропа лигасын бірінші іріктеу кезеңінен бастайтын «Ордабасыға» өзінен мықтырақ клуб түсті – «Чукарички». Биыл құрылғанына 90 жыл болған сербиялық клуб соңғы үш маусым бойы еурокубокқа қатысып келеді. 2014\15 маусымда андорралық «Сан Хулияны» жарыс жолынан шығарып тастап, кейін екінші кезеңде австриялық «Грюдиктен» ұтылып қалды. Ал былтырғы маусымда словениялық «Домжалені» ұтып, екінші кезеңде әзірбайжандық «Габаладан» жеңіліп қалған. «Ордабасыға» қарсы ойынмен сербиялықтар үшінші еуросаяхатын бастайды. Жалпы алғанда, команда 90 жылдың тарихының ішінде көп жетістікке жете қойған жоқ. Әзірше ел біріншілігіндегі ең жоғарғы жетістігі – қола медаль.

«Чукаричкидің» трансферлік құны шымкенттіктерге қарағанда көбірек – 10,31 млн еуро. Команданың құрамында құны миллионнан асатын бір ғана ойыншы бар. Македониялық жартылай қорғаушы Филипп Стойковичтің бағасы – 1,13 млн. Шабуылшы Андрия Павлович (900 мың), жартылай қорғаушылар Обенг Реган мен Драголюб Срнич, қақпашы Неменья Стеванович (үшеуі де 750 мың) қымбат ойыншылардың санатына кіреді. Айта кетейік, «Ордабасы» ойыншыларының жалпы трансферлік құны 6.45 млн еуроны құрайды.

Жетістіктері

Сербия чемпионаты
Қола жүлде: 2014/15, 2015/16.
Сербия кубогы
Жеңімпаз: 2014/15
Сербия Бірінші лигасы
2-ші орын (2): 2006/07, 2012/13.
3-ші орын: 2004/05.
Сербия және Черногория Екінші лигасы
Чемпион (2): 1998/99, 2003/04.
2-ші орын: 1994/95.

P.S. Алматылық «Қайрат» пен «Ақтөбенің» Еуропа лигасы бірінші кезеңіндегі қарсыластарымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или