«Теута» мен «МТК» - қандай командалар?

Биыл еурокубок ойындарында еліміздің намысын қорғайтын клубтардың алғашқы қарсыластары анықталды. «PROСПОРТ» тілшісі өз оқырмандарын осы қарсыластармен қысқаша таныстырып шықпақ.

«Қайрат» - «Теута»

Былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңіне бір ғана қадам қалғанда жеңіліп қалған «Қайрат» биыл өз бағын тағы сынап көрмек. Олардың алғашқы қарсыласы – албаниялық «Теута». Дуррестік клуб туралы ақпарат ғаламтор беттерінде өте аз. Команданың тарихы 1920 жылдан бастау алады. Дегенмен олардың үлкен жеңістері құрылғанынан 74 жылдан кейін ғана келе бастады. 1994 жылы «Теута» Албания чемпионы атанған, ал келесі жылы ел кубогында топ жарды. Содан кейін «Теута» тағы екі рет Албания Кубогын еншілей алды. Ал өткен маусымда дуррестік Хасан Лика шәкірттері төртінші орынға табан тіреген болатын. Бұл команда соңғы рет еурокубокқа 2013\14 жылғы маусымда қатысқан. Сол жылы Еуропа лигасының бірінші кезеңінде «Теута» молдавалық «Дачиямен» кездесіп, сырт алаңда соғылған гол ережесі бойынша қарсыласына жол берген екен.

Албаниялық клубтың құрамында анау айтарлықтай қымбат ойыншы жоқ. Барлық футболшысының ортақ құны – 2.70 млн еуро. Трансферлік құны 200 мыңнан асатын екі ғана футболшысы бар – қорғаушы Блерим Котобелли (206 мың) және жартылай қорғаушы Бруно Дита (225 мың). Салыстырмалы түрде айтайық, «Қайрат» футболшыларының трансферлік құны – 14,88 млн еуро. Бір Асеведоның өзі «Теуланың» барлық ойыншысынан қымбат – 3 млн.

Жетістіктері

Албания чемпионы: 1993/94

Албания кубогының иегері: 1994-1995, 1999-2000, 2004-2005

«Ақтөбе» - «МТК Будапешт»

Қазақстандық клубтарға түскен ең ескі команда – «МТК Будапешт». Сонау 19-ғасырдың аяғында құрылған клубтың бүгінге дейін жеткен жетістігі мол. Ел біріншілігінде команданың жеңбегені жоқ. Тіпті, 1964 жылы Кубок иегерлерінің кубогында финалға дейін жетіпті. Жалпы алғанда, бүгінге дейін 43 жүлде жеңіп үлгерген. Бірақ соңғы жылдары анау айтарлық адуынан айырылды. Өткен маусымда МТК турнир кестесінде 4-орын еншілеген. Оның алдыңғы жылы қола жүлдеге қол жеткізді. Оған дейін бірнеше рет Венгрияның бірінші лигасында ойнап үлгерді. Былтыр Еуропа лигасын бірінші іріктеу кезеңінен аяқтады. «Войводинамен» кездескен олар екі ойынның қорытындысы бойынша 3:1 есебімен жеңіліп қалды.

МТК ойыншыларының трансферлік құны 4,46 млн еуроны құрайды. Команданың ең қымбат ойыншысы – Барнабас Бесе (450 мың). Марто Гргич, Патрик Пур, Йозеф Канта секілді бағалы футболшылары бар. Ал рейтингіде олардан жоғары тұрған «Ақтөбе» футболшыларының жалпы құны – 3,81 млн еуро. Команданың құрамы жастардан болғандықтан, сапында қымбат ойыншылар жоқ. Бүгінде «Ақтөбенің» ең қымбат футболшысы – Дидар Жалмұқан (375 мың).

Жетістіктері

Венгрия чемпионы: 1904, 1908, 1914, 1917, 1918, 1919, 1920, 1921, 1922, 1923, 1924, 1925, 1929, 1936, 1937, 1951, 1953, 1958, 1987, 1997, 1999, 2003, 2008

Венгрия кубогының иегері: 1910, 1911, 1912, 1914, 1923, 1925, 1932, 1952, 1968, 1997, 1998, 2000

Венгрия суперкубогының иегері: 1997, 2003, 2008

Венгрия екінші дивизионының жеңімпазы: 1982, 1995, 2012

Кубок иегерлері кубогының финалисі: 1964

Митропа кубогының иегері: 1955, 1963

P.S. «Астана» мен шымкенттік «Ордабасының» еурокубоктағы алғашқы қарсыластарымен мына сілтеме бойынша таныса аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или