Димитар Димитров: «Қазіргі құраммен жүлделі орынға таласу қиын болмақ»

«Ертістің» бас бапкері Димитар Димитров елордалық «Астанамен» өткен (1:1) кездесу жайлы айтып берді.

— Бүгінгі кездесуге бірнеше жетекші ойыншыларымыз қатыспады. Бұған қоса матч басында Фонсека жарақат алды. Сондықтан, ойынның көп бөлігін қорғаныста өткіздік. Жігіттер бар күштерін салды. Бұған қоса, қарсылас команда бірнеше қауіпті сәттерін пайдалана алмады. Біз бір ұпай алғанымызға қуаныштымыз.

— Демек, бір ұпайдың өзі жеңіске тең?

— Жоқ. Себебі жеңіс - бұл үш үпай. Бірақ бұл құраммен тең ойнаудың өзі де үлкен ерлік.

— Йирсак жасыл алаңға қашан оралады?

— Жарақатынан айығып келеді. Фонсека мен Йирсак «Жетісуға» қарсы ойында алаңға шығады деген ойдамын. Бірақ бізге әлі де шабуылды күшейту қажет.

— Егерде командаңызды күшейте алсаңыз, жүлделі орынға таласа аласыз ба?

— Қазіргі құраммен жүлделі орынға таласу қиын. Мұны клуб басшылығы да жақсы түсінеді. Бізге трансфер үшін қаражат керек емес, бізге еркін агент болып келген футболшыға жалақы төлейтін ақша керек. Егерде біз командамызды күшейтсек, онда үздік үштікке ілінеміз.

— Мұртазаев бұған дейін орталық шепте ойнайтын, қазір қапталда ойнап жүр...

— Қапталға қоятын басқа футболшы болмады - Гогуа командадан кетіп қалды. Воменкоға ота жасалды. Мұртазаевтың қабілеті жоғары, ол әр позицияда ойнай алады.

— Бүгін Малый ойнаған жоқ. Неліктен?

— 15-ші маусым күні Малыйдың келісімшарты аяқталды. Мен оның командада қалғанын қалаймын. Бірақ не болатынын әзірге білмеймін.

«Астана» ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или