Станимир Стойлов: «Ибраими мен Кабананга әзірге ойнауға дайын емес»

Станимир Стойлов: «Ибраими мен Кабананга әзірге ойнауға дайын емес»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов керекулік «Ертіспен» (1:1) өткен ойынның нәтижесіне көңілі толмағанын айтты.

- Нәтижеге көңілім толмады. Ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Гол соғатын мүмкіндіктеріміз көп болды, бірақ бұдан нәтиже шығара алмадық. «Ертіс» қорғаныста жақсы ойнады.

- Бүгін команданың жаңа ойыншысы Ибраими алаңға шықпады. Футболшы ойнауға әлі дайын емес пе?

- Ибраими бір ай жаттықан жоқ. Әзірге ойнауға дайын емес. Чемпиондар лигасының алғашқы кездесуінде бізге көмектеседі деген ойдамын.

- Сондай-ақ, командаға Джуниор Кабананга қайта қосылды. Ол «Астананың» шабуылын күшейтуі мүмкін бе?

- Джуниор, Ибраими сияқты жаттықан жоқ. Қазір бұрынғы бабына келуде, оның болашағы туралы нақты шешім әлі қабылдаған жоқпыз.

- Патрик Твумаси екінші таймда оң қапталдан жиі өткір шабуылдай бастады. Бірақ сіз оны басқа ойыншыға алмастырдыңыз. Неліктен?

- Шабуылды күшейткім келді. Тағыберген орталық жартылай қорғаушыны ойнаса, Максимович шабуылға жақын орналасты. Жалпы, биылғы маусымдағы Патриктің ойыны маған ұнап жүрген жоқ.

- «Астананың» басшылығы Қуаттың жазасын жеңілдетуді сұрады. Сіз Исламбектің «Астанаға» қарсы ойнағанын қалайсыз ба?

- Бұл шешімді қабылдайтын басқа адамдар бар. Маған бұл қатысты емес.

- Бүгін Чемпиондар лигасының жеребе тарту рәсімі өтеді. Қай команданы қарсылас ретінде көргіңіз келеді?

- Біз өте алатын команданы қарсылас ретінде көргім келеді. Бұл туралы үнемі айтамын. Егерде жеңілсек, демек жеребе сәтсіз болды. Бізге Израиль немесе Болгарияның чемпионы түсуі мүмкін, бұл жағдайда бізге ауыр болмақ. Еуропада егер бар күшімізді салмасақ, онда әр қарсылас бізге қиындық тұдырады.

- Еуропа чемпионатында қай командаға жанкүйерсіз?

- ЕУРО-да ешқай құрамаға жанкүйер емеспін. Онда Болгария мен Қазақстан құрамалары ойнап жүрген жоқ, сондықтан тек өз командама жанкүйермін.

«Астананың» ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или