Дмитрий Шомко: «Барша футбол жанкүйерлерін «Қайрат»-«Астана» матчын тамашалауға шақырамын»

«Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко kazfootball.kz сайтына керекулік «Ертіспен» өткен матч жайлы өз пікірін айтты.

— Ойын тартысты өрбіді. Бір голдан көп соға алмай, керексіз гол жіберіп алдық. Ойынның нәтижесі осындай.

— «Астананың» қорғаушыларына чемпионаттың екінші командасымен ойнаған ауыр болды ма?

— Аса ауыр болды деп айта алмаймын. «Ертісті» жеңгіміз келген, бірақ бұл мақсатымыз жүзеге аспады. Енді келесі кездесуді ұтуға тырысамыз.

— Келесі ойын «Қайратқа» қарсы. Бұл дербиде жеңіске жету сіздер үшін қаншалықты маңызды?

— Әр ойында жеңіске жету біз үшін маңызды. Дерби өте қызық болмақ, барша футбол жанкүйерлерін бұл ойынды тамашалауға шақырамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или