Юрий Өткелбаев: «Осындай есеп үшін кешірім сұраймын»

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев «Қайратқа» қарсы матчтан кейінгі баспасөз-мәслихатында осындай есеппен жеңілгені үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Бұл туралы клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.

- Әуелі, бүгінгі әлсіз ойынымыз үшін Жанкүйерлер алдында, бүкіл қала тұрғындарының алдында кешірім сұрағым келеді. Бірақ бұл қазіргі уақыттағы біздің деңгейіміз. Жігіттер барынша тырысып ойнағандарымен, көп қателік жіберіп жатты. Бірінші таймдағы әрбір қателігіміз үшін «Қайрат» бізді жазалап жатты. Кез-келген қателік, бейғамдық голға айналып жататындай чемпионатта ойнап жатырмыз. Содан кейін жақсы ойнап кету қиын болды. Жігіттер қолдарынан келгенінің бәрін жасады. Бірақ, қарсылас жеңіске лайықты болды. Осындай есеп үшін кешірім сұраймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или