2:6. «Қайрат» «Ақтөбені» тас-талқан етті

2:6. «Қайрат» «Ақтөбені» тас-талқан етті

Футболдан ел чемпионатының 17-турында «Ақтөбе» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдап, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Алматылық ұжым ойын басталысымен білегін сыбана «Ақтөбе» қақпасына гол соға бастады. Алдымен, 4-минутта Лукаш Тесак қанжығасын майлаған. 17-минутта Бауыржан Исламхан көзге түсті. Араға 8 минут салып Жерар Гоу өз командасының үшінші голын соқты. 38-минутта Андрей Аршавин Павлов қақпасынан саңлау тапты. Бұдан кейін 43-минутта Кирилл Шестаков есеп айырмасын қысқартса, 65-минутта Дидар Жалмұқан пенальтиден гол салды. Бірақ екі минуттан соң Гоу дубль жасады. Ойынның нүктесін 77-минутта Исаэл қойды – 6:2.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или