Александр Кислицын: «Өзімнің жаңа командама көмектесуге дайынмын»

«Оқжетпес» футбол клубының жаңа ойыншысы Александр Кислицын өзінің жаңа командасы жайлы айтып берді.

- Саша, командаға қош келдіңіз!

- Рахмет!

- Көкшетаулық командаға қалай ауыстыңыз?

- Негізі, біз жаңа маусым алдында «Оқжетпестің» басшылығымен келіссөздер жүргізгенбіз. Бірақ маусымды «Ертіс» сабында бастадым. Жақында керекулік клубпен келісімшартты бұзып, көкшетаулық клубқа ауыстым.

- Команданың ойыншылары сізді қалай қарсы алды?

- Жақсы. Жігіттердің бәрін танимын. Команда ішіндегі атмосфера керемет.

- «Ордабасымен» өтетін ойынға шығуға дайынсыз ба?

- Әлбетте. Егерде, бапкерлік құрам мені алаңға шығарса, бар күшімді салуға дайынмын. Өз командама әр кездесуде көмектескім келеді.

- Жанкүйерлерге айтар сөзіңіз бар ма?

- Айтарым бір - командаға қолдау көрсетіңіз! Біз сіздер үшін ойнаймыз, біз үшін жанкүйерлердің қолдауы өте маңызды. Жақында өткен «Шахтерге» қарсы матчта стадион жанкүйерлерге толы болды, әр ойында осылай болса ғой деп тілеймін. Біз болсақ өз ойынымызбен сіздерді қуантуға тырысамыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или