Андрей Аршавин: «Қайрат» мансабымдағы соңғы клуб болады»

Андрей Аршавин: «Қайрат» мансабымдағы соңғы клуб болады»

Андрей Аршавин үшін «Қайрат» мансабындағы төртінші клуб және оның ауысуы қазақстандық және ресейлік басылымдарда аз шу шығарған жоқ. Бүгінде Аршавин – «Қайраттың» ойыншысы, оған әр матч сайын ерекше көңіл бөлінеді.

«Қайрат» баспасөз-қызметімен болған сұхбатта Андрей Лондон мен «Зениттегі» өткенін еске алып, Қазақстанда ненің таңқалдыратынын айтып берді.

- Мансабыңыздың Лондондағы кезеңіне қандай баға бере аласыз?

- Жалпы алғанда, жақсы. Жақсы да, жаман да сәттер болды, бірақ, жалпы алғанда – жақсы естеліктер қалды.

- «Астанада» негізгі құрамда тұрақты ойнауыңызға не кедергі болды?

- Шынымды айтсам, дәл айту қиын. Тіпті, мұндай сұрақтарды қоймаппын өзіме. Сол кезде жағдай солай болған шығар.

- «Ливерпуль» қақпасына покер – Сіздің мансабыңыздағы ең жарқын сәт пе?

- «Арсенал» туралы айтар болсақ, әрине, иә. Бірақ бүкіл мансабымды алсақ, ең жарқын сәт сол деп айтуға келмес. Онымен тең болатын, тіпті, асып түсетін сәттер болды.

- Мысалы?

- 2008 жылғы Еуропа чемпионаты мен УЕФА Кубогы.

- Ал Еурода Ван дер Сар қақпасына соққан голыңыз Сіз үшін ең маңызды болған шығар?

- Мен үшін біздің осылай ұзаққа баруымыз маңызды болды. Сол кезде кез келген команданы жеңе алатындай сезім туындады.

- Испандарға қарсы ойында не болды?

- Сол кездегі Испаниямен күш сынасу өте қиын болды деп ойлаймын, ешқандай командада ешқандай мүмкіндік болмады.

- «Арсеналдың» қазіргі жағдайы туралы пікіріңіз қандай?

- Жалпы, команда ескішіл. Жоғары деңгейлі екі футболшыны сатып алды – бұлар Озил мен Санчес. Олардан бөлек командада өзгеріс жоқ.

- Ескішілдік клубқа кедергі етпей ме?

- Маған дәл айту қиын, өз саясаты бар бір бапкер. «Арсенал» толығымен Арсен Венгерге, оның көзқарасына, футболға деген қарым-қатынасына және сол сияқты дүниелерге тәуелді болып қалған.

- Командаға чемпион болу үшін не жетіспейді?

- Шынымды айтсам, биыл бәрі болған сияқты. Құрамында бәрі де жеткілікті еді, жаңа айтқанымдай, командада жоғары деңгейлі екі футболшы бар, қақпаға Чехты алды, бүкіл команда жақсы деңгейде. Осының барлығына қарап-ақ «Арсенал» бірінші орын үшін таласады деп күтуге болатын еді. Оның үстіне, «Челси», МЮ және, тіпті, «Манчестер Сити» де биылғы жылы жақсы ойынымен көзге түсе қойған жоқ. Өздеріңіз көргендей, биыл «Лестерді» ешкім басып оза алмады.

- Сіз өз таңдауыңызды неліктен «Қайратқа» түсірдіңіз? Біздің клубта алдыңызға қандай мақсаттар қойдыңыз?

- Ұсыныс түсті, мен қабыл алдым. Мақсаттар ма? Мақсатты президент қойды, бізге Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу қажет, «Қайраттың» негізгі мақсаты осы.

- «Қайрат» ФК бас бапкері Кахабер Цхедадзе мен «Арсеналдағы» бапкеріңіз Арсен Венгерді салыстыра аласыз ба?

- Мен Кахабермен әлі аз жұмыс жасадым деп ойлаймын, сондықтан қандай да бір қорытынды шығару қиын. Бірден көзге түсетіні, Цхедадзе Арсенге қарағанда әсершіл.

- Команданың бас бапкері Александр Бородюк, ал жетекші ойыншыларының бірі Анатолий Тимощук болғаны қаншалықты рөл атқарды?

- Әрине, Толя – бұл сапаның белгісі, егер Тимощук командада болса, демек бәрі жақсы. Бородюкпен қатынасымыз қашан да жақсы болған және бұл менің осында ауысуымда негізгі рөлдердің бірін атқарды.

- Ол кеткенде қандай әсерде болдыңыз?

- Футболда бәрі өте жылдам ауысады, бірақ, әрине, оның шешімі менің көңілімді түсірді.

- Қазақстандық футболда сізді не қатты таңқалдырады?

- Жаман алаңдарды айтып, шағымданғым келмейді, себебі бұдан пайда жоқ. Жалпы, қандай да бір қатты жаман нәрсені көрген жоқпын. Әрине, кей нәрселерге үйрену қажет болып жатады, бірақ өмір деген солай.

- РПЛ және АПЛ-ден кейін Қазақстан чемпионатына бейімделу қаншалықты қиын?

- Алдыңғы сұраққа қайта оралдық – тек алаң ғана ұнамайды, бірақ басқа не амал бар.

- Кей шетелдіктерге клуб атын айту бойынша қиындықтар туып жатады.

- «Ақжайық», «Атырау», «Ордабасы» - бәрін де жаттап алдым, енді оңай айта аламын. Бұл уақыт пен әдеттің еншісінде.

- Сіз 28-ші нөмірді таңдадыңыз, Сіз үшін арқадағы нөмір қаншалықты маңызды?

- Әрине, кез келген командада 10-шы нөмірмен ойнағым келеді, бірақ бұл нөмір бос болмады. Кейін 81-ді алғым келді, бірақ 28-ді таңдадым.

- «Зенитте» 15-ші нөмірмен ойнадыңыз. Бұл неге байланысты?

- Ол бос болды. Айтпақшы, бір кездері «Зенитте» де 28-нөмірмен ойнағанмын. 23-нөмірмен Интертото кубогында тіркеуде болдым.

- Оныншы нөмірмен жолыңыз болады деп ойлайсыз ба?

- Жоқ, менің ойымша, кез келген адам бала кезінде осы нөмірмен ойнағысы келген секілді.

- Қазақстанда қанша гол соғуды жоспарлап жүрсіз?

- Шынымды айтсам, клуб-100 бойынша Сергей Семакты қуып жеткім келеді. Бұл үшін әлі 1-2 гол соғуым керек.

- «Қайрат» кәсіби мансабыңыздағы соңғы клуб бола ма?

- Иә.

- Қарапайым өмірде жұлдыз болу кедергі жасамай ма?

- Кейде кедергі жасайды. Көшеде бірінші рет танып жатқан жоқ, сондықтан бұған шамалы үйреніп те қалдым. Бұл менің жұмысымның бір бөлігі. Шынымды айтсам, Сан-Петерборға қарағанда Алматыда көбірек танып жатады.

- «Зенит» пен «Қайраттың» ортақ тұстары бар ма?

- Жоғарыда болу ниеті мен тамаша инфрақұрылым. Тағы да қосарым, басшылықтың талаптары – тек жеңіске жету.

- Инфрақұрылым туралы айтар болсақ, «Қайратты» кіммен салыстыруға болады?

- Маған бұл туралы айту қиын. Менің ойымша, «Қайратқа» өзін біреумен салыстырудың керегі жоқ. Мұнда қажеттінің бәрі бар.

- Алматыда бейімделуіңіз қалай өтіп жатыр?

- Ешқандай қиындық жоқ. Мұнда өте жақын досым тұрады, онымен Лондонда жүргенде сөйлескенмін. Оның Алматыда тұратын кей достарымен таныс едім, сондықтан мұнда мен сөйлесетін адамдар бар. Бұл тұрғыдан алғанда менің бейімделуім еш қиындықсыз өтіп жатыр деуге болады.

- Қазір Қазақстанда ойнап жатырсыз, тіл үйрену жоспарыңызда жоқ па?

- Үйреніп жатырмын (күліп). Қазір бірнеше сөзді білемін, қар – бұл снег, орталық – центр. Қазақ тілі – мен үшін қиын тіл, бірақ уақыт өте келе оны түсініп кетемін деп ойлаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или