Криштиану Роналду Еуро-2016 матчында рекорд орнатты

Португалия мен Австрия 2016 жылғы Еуропа чемпионатының топтық кезеңінінің екінші турындағы матчты тең аяқтады, деп хабарлады inform.kz.

Ғ тобының сенбі күнгі Париждің «Парк де Пренс» стадионындағы кездесуі 0:0 есебімен аяқталды. 79-минутта португалдықтар пенальтиге ие болды, алайда Криштианудың соққысы қақпаның маңдайшасына тиді.

Бұл матчта шабуылдаушы Криштиану Роналду португалия құрамасындағы ойындар саны жөніндк рекорд (128) орнатты және португальдықтар құрамында 127 матч өткізген Луиш Фигудің рекордын жаңартты. Сондай-ақ «Реал» форварды голландтық қақпашы Эдвин ван дер Сардың және француз қорғаушысы Лиллиан Тюрамның Еуропа чемпионаттарының финалдық турнирлеріндегі матчтар саны бойынша жетістіктерін қайталады. Енді барлық ойыншыларда 16 матчтан бар.

Венгрия құрамасы Ғ квартетінде (4 ұпай) көш бастауда, Исландия мен Португалия командаларында 2 ұпайдан бар, кестені бір ұпаймен австриялықтар тұйықтады.

Топтың кезеңнің 22 маусымдағы қорытынды турында португалдық футболшылар Лионда Венгрия құрамасымен ойнайды, ал австриялықтар бұл күні Парижде Испания командасымен кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или