«Астана» ФК Исламбек Қуаттың жазасын жеңілдетуді сұрады

Елордалық «Астана» футбол клубы ҚФФ Тәртіптік-бақылау кеңесінен «Қайрат» ойыншысы Исламбек Қуаттың жазасын жеңілдетуді сұрады.

Астаналықтар Қуатты екі емес, бір ғана матчқа алаңнан шеттетуді сұрады.

«Елордалық клубтың пікірінше, осы жағдайда 23 маусымда өтетін «Қайрат» - «Астана» матчына командалар толық құраммен қатысып, әділетті түрде кім мықтыны анықтай алады. Бұл жанкүйерлер үшін маңызды. Сондай-ақ, шешім қайта қаралса, Қазақстан ұлттық құрамасы мен жақын арада УЕФА Еуропа лигасында еліміздің намысын қорғайтын «Қайраттың» жетекші ойыншысы үшін ойын тәжірибесі көбейеді», - деп жазды «Астана» ресми хабарламасында.

Естеріңізге сала кетсек, ТБК Исламбек Қуатты 2 матчқа алаңнан шеттеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или