Андрей Аршавин: «Тағы да жеңіле бастадық»

«Қайраттың» ресейлік хавбегі Андрей Аршавин ProsportKz.kz порталына берген сұхбатында «Ордабасыға» қарсы ойын туралы пікірімен бөлісті.

– Андрей, таймдар арасындағы үзілісте Ресей мен Словакия матчының есебін біле алдыңыз ба?

– Жоқ. Жігіттер Ресейдің 0:2 есебімен жеңіліп жатқанын айтты.

– Матчтан кейін де Ресейдің қалай ойнағанын қараған жоқсыз ба?

– Жоқ. Бұл жолы жігіттер Ресейдің 1:2 есебімен ұтылып қалғанын айтты.

– Ресейдің Словакиядан жеңіліп жатқаны сіздің ойыныңызға әсер етпеді ме?

– Жоқ.

– Ендеше «Ордабасыға» қарсы ойын туралы өз пікіріңізді айтсаңыз.

– Жеңіске жете алмағанымыз жаман болды. Тағы да жеңіліп бастадық. Көп күш жұмсауға тура келеді.

– Төрешінің бүгінгі қызметіне де тоқталып өтсек. Мұндай жағдай сіздің мансабыңызда болды ма?

– Шынымды айтсам, ештеңе көрмедім. Бізге екі пенальти бермей қойды деп жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или