АҚШ құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шықты

Футболдан Америка кубогының 1/4 финалында АҚШ құрамасы Эквадормен кездесті.

Тартысты өрбіген матч 2:1 есебімен жарыс қожайындарының пайдасына шешілді. Матчтың 22-ші минутында АҚШ құрамасының жетекші ойыншысы Клинт Демпси таблода есеп ашса, артынша Гьяси Зарде есепті еселеді. Ал ойын аяқталуына он бес минут қалғанда эквадорлық Микаэль Арройо бір доп қайтарды.

Енді жартылай финалда америкалықтар Аргентина немесе Венесуэла құрамасымен күш сынасады.

Америка кубогы. 1/4 финал

АҚШ-Эквадор – 2:1

Голдар: Дэмпси, 22 (1:0); Зарде, 65 (2:0); Арройо, 74 (2:1).

Ескерту алғандар: Вуд, 53; Бедойя, 73; Гузан, 84 – Валенсия, 37; Паредес, 64.

Алаңнан қуылғандар: Джонс, 52 – Валенсия, 52.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или