Ауыр жарақат алған Қонысбаев Италияға емделуге барады

Қытай құрамасымен жолдастық кездесуде ауыр жарақат алған "Атырау" футбол клубы мен Қазақстанның футболдан жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев жақын арада Италияға емделуге барады.

Оның айтуынша, қазір футболшы Қытайдағы Далян қаласында. "Ұланмен қазір ғана сөйлестім. Денсаулығы жақсарғанын айтты. Дәрігерлердің айтуынша, Қонысбаев тез сауығып жатыр", - деп жазды Қожағапанов өзінің Facebook парақшасында.

Қазақстан футбол федерациясы басшысының айтуынша, Қонысбаев жақын арада Италияға барады. Онда Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығы растаған Villa Stuart Sports Clinic клиникасында ем алады (Рим қаласы). Айта кетейік, жарақат алған футболшыны танымал маман Аттилио Сантуччи емдейді.

"Барлық шығынды, ұшып барудың жолын және емінің ақшасын Қазақстан футбол федерациясы өз мойнына алды. Ұлан Қонысбаев жақын арада жазылып кетеді деп сенемін. Біз бұл үшін бар күшімізді саламыз", - деді Қожағапанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или