«Біз он жылдың ішінде Чемпиондар лигасын жеңеміз»,- «Астон Вилланың» жаңа басшысы
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Астон Вилланың» жаңа басшысы Тони Цзяньтун Ся он жылдың ішінде Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанатынын айтты деп хабарлайды Eurosport.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Мен «Астон Вилланың» болашағына сенемін. Бізге ең алдымен премьер-лигаға тезірек оралу керек. Мүмкін болса келесі маусымда. Мен Вилланы алдағы бес жылда Еуропаға оралып, он жылда Чемпиондар лигасын жеңуін қалаймын. Бізге тиянақты жұмыс атқару керек. Қаншама басшылар келіп, көпіріп айтқан сөзін орындамай кетті. Бірақ біз бірден жаһандық өзгерістер жасамай, тиянақты жұмыстың арқасында жетістікке жете аламыз деп ойлаймын. Жақсы маркетинг қазіргі мен болашақ Вилланың арасын айқын етіп көрсетеді», - деді Тони Цзяньтун Ся мырза. </p>
<p style="text-align: justify;">
Айта кетейік, биыл «Астон Вилла» премьер-лигадан чемпионшипқа түскен болатын. Тони Цзяньтун Ся команданы 128 миллион евроға сатып алған. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или