Омари Тетрадзе: «Жеңіліске лайықты емес едік»

«Тобыл» ФК бас бапкері Омари Тетрадзе «Астанаға» қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті.

- Жеңіліске лайықты емес едік. Футболшылар керемет ойын өрнегін көрсетпесе де, жігерлік танытты. Голдар да біздің қателіктерімізден болды. «Астана» - көшбасшы команда. Олардың тәжірибесі мол, бір-бірін жақсы түсінетін ойыншылардан жасақталған. Бүгінгі ойында астаналықтар өз мақсаттарына жетті. Екі мүмкіндік болды, екеуін де мүлт жібермеді. Әрине, мұндай жеңілістер қынжылтады. Тағы да айтам, біз жеңіліске ойнамадық.

- Жаңа ойыншы Шамиль Асильдаров жөнінде не дейсіз? Оны кеш шығарған жоқсыз ба?

- Ол мерген шабуылшы. Оны Ресейде де дәлелдеген. Бірінші ойын ғой. Ары қарай көреміз.

- Ойын арасында футболшылар қақтығысып қалып жатты...

- Жүйкеге салмақ түседі, әлбетте. Таблодағы көрсеткішті қалай да өзгерту керек. Олар да жеңісті оңай бермеді.

- Бұл жеңілістен кейін «Тобол» не істейді?

- Қазір психологиялық салмақ та түсіп тұр. Себебі, чемпионат басында көп ұпай жоғалттық. Енді осы жолда жұмыс істейміз. Жеңіске жету арқылы ғана бұл қысымнан шыға аламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или