Әттең, голдың кемдігі-ай...

Әттең, голдың кемдігі-ай...

Футболдан Еуропа чемпионатының басталғанына аз уақыт болса да, құрамалар бірінші тур ойындарын өткізіп үлгерді. Осы уақыт арасында қызыққа толы матчтарды айтпағанда, сол ойындардың айналасында да неше түрлі қызықтар болды.

12 матч – 21 гол

Төрт жылда сағындырып бір келетін Еуропа чемпионатында бүгінге дейін 12 матч ойналды. Сөзсіз, бұл 12-нің бәрі де өзінше бір қызыққа толы болды. Бірінші тур болғандықтан командалар сақ ойнауда. Сондықтан 2 матчта ғана жанкүйерлер үш гол көре алды. Қалғанының бәрінде бір немесе екі голдан ғана соғылды. Абырой болғанда, құрамалар әзірше 0:0 есебімен тарқасқан жоқ. Ірі есеппен жеңіске жеткен командалар да болмады әзірше. Голдар аз соғылғандықтан, сұрмергендер жарысында көш бастаған ешкім жоқ. Дәлірек айтқанда, біз әлі де дубль не хет-трик көрген жоқпыз.

Биыл футболшылар әр матчта орта есеппен 1,8 гол соғып отырған. Иә, нәтиже 2-ге де жетпейді. Салыстырмалы түрде алар болсақ, төрт жыл бұрын командалар бірінші турда орта есеппен 2,5 гол соққан екен. Ал 2008 жылы Австрия мен Швейцарияда өткен Еуропа чемпионатының бірінші турында құрамалар әр ойында 2 голдан салып тұрған. Ал 2004 жылы бұл көрсеткіш 2,1 болды.

Байқағандарыңыздай, биылғы Еуро нәтижелі болып жатқан жоқ. Шамасы, ойыншылар неге танитынын алдағы матчтарда көрсететін болар. Қанша дегенмен, Криштиану Роналду, Златан Ибрагимович, Роберт Левандовски және Гарет Бэйл секілді нағыз бомбардирлер қатысып жатқан турнирде голдың аз болуы мүмкін емес.

«Бізге жануар секілді қарады». Бірінші турдағы қызықты цитаталар

Франция құрамасының бұрынғы шабуылшысы Тьерри Анри Дмитри Пайе соққан голдан алған әсерімен бөлісті:

«Румындардың қақпасында үш голкипер тұрса да, Димитридің соққысын қайтара алмайтын еді».

Англия құрамасының шабуылшысы Джейми Вардидің әйелі Ребекка Марсельде болған матчтан кейінгі жағдай туралы:

«Бұл менің өмірімдегі сырт алаңда өткен ең жаман матч болып есте қалады. Бізге көзді жасаурататын газ қолданып, қамап тастады да, жануар секілді қарады».

Исландия құрамасының бас бапкері Ларс Лагербек Португалия ұлттық командасы туралы өте дөрекі айтты:

«Португалиялық кей ойыншылардың өтірік құлағанын көрдік. Бұл команданың сабында әлемнің үздік ойыншыларының бірі Криштиану Роналду бар. Бірақ ол да актер. Ал Пепе Голливудта ойнауы тиіс».

Ресей ұлттық құрамасының вице-капитаны Василий Березуцкий ЦСКА мен ұлттық команданың бас бапкер Леонид Слуцкиймен қалжыңдасты:

«Маған Слуцкий құрамада ұнай ма? Жоқ, клубта әлдеқайда жақсы. Клубта бапкеріміз тамаша, бірақ құрамада олай емес. Құрамада бапкермен жолың болмайды деген осы».

Кейін ЦСКА және Швеция құрамасының хавбегі Понтус Вернблум мен Василий Березуцкий өзара қалжыңдасты. Алдымен, Вернблум Василийді Англияға соққан голымен құттықтап, бірақ голды оның емес, Денис Глушаковтың атына жазу дұрыс болатынын айтқан. Бұған Березуцкий былай жауап берді:

«Әрине, Понтусқа алдымен бір нәрсеге пікірін айтпас бұрын қосалқы құрамда отырмай, алаңға шығу керектігін айтамын. Әйтпесе, ол жерде дұрыс көрінбейді».

Қызықты деректер

– Еуропа чемпионатының ашылу матчында «Стад де Франс» стадионында француздар мен румындар кездескен. Бұл ойынды стадионнан 75133 адам тамашалаған. Бұл әзірше биылғы біріншіліктің ең үздік нәтижесі. Ал екінші орында «Стад де Франсте» өткен тағы бір матч тұр. Ирландия мен Швеция арасындағы ойынға 73419 жанкүйер келіпті. Ал үздік үштікті Англия мен Ресей матчы (62343 жанкүйер) түйіндеп тұр.

– Мына қызыққа қараңыз. Жанкүйерлер ең аз келген матч Тулузада тіркелген. Қатарынан екі рет Еуропаны бағындырып, 2010 жылы әлем чемпионы атанған Испания мен Чехияның ойынын тамашалауға бар болғаны 29400 жанкүйер келген. Польша – Солтүстік Ирландия (33742) және Албания – Швейцария (33805) матчтарында да жанкүйерлер аздау болды.

– Швеция мен Ирландия матчында 1980 жылдан бері қайталанбаған қызық оқиға болды. Соңғы 36 жыл бойынша Златан Ибрагимович бастаған шведтер қарсыластың қақпасына дәл соққы жасамай, гол соға алған жалғыз құрама атанды.

– 1980 жылғы Еуропа чемпионатынан бері өзгермеген тағы бір нәтиже биыл өзгерді. Ресей құрамасы Англиямен ойынның бірінші таймында қарсылас қақпасына бір ғана соққы жасаған, бұл соңғы 36 жылдағы ең төменгі нәтиже саналады. Бірақ бұл көрсеткіш ұзақ сақталмады. Келесі күні Польша мен Солтүстік Ирландия матчында британиялықтар бірінші таймда бір соққы да жасай алмай, антирекордты жаңартып тастады.

– Кешегі Португалия мен Исландия матчында номиналды қонақтарды қолдау үшін Исландия елінің 8 пайызы «Джоффруа-Гишар» стадионында болған. 322 мыңға жуық тұрғыны бар Исландиядан 26985 жанкүйер келген.

– Биылғы Еуропа чемпионатына қатысатын барлық футболшының трансферлік құны – 4,99 млрд еуро. Олардың ең қымбаты – Криштиану Роналду (110 млн еуро).

– Биылғы ЕУРО-да да матчтарды болжайтын жануарлар мен жәндіктер пайдаланылмақ. Мысалы, Челябинск қаласының жануарлар бағында Фиона атты құрбақа көріпкелдік жасамақ. Ал Google компаниясы Анри есімді әтеш матчтардың жеңімпазын анықтап береді дейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или