Агим Ибраими: «Астанамен» бірге Чемпиондар лигасында ойнағым келеді»

Футболдан Македония құрамасының жартылай қорғаушысы Агим Ибраими «Астанаға» ауысқанына қуанышты екенін айтты.

- «Астана» мені өз қатарында көргісі келді. Сондықтан да мен «Астанаға» ауыстым. Мұнда келгеніме өте қуаныштымын.

- Былтыр «Марибор» сабында «Астанаға» қарсы ойнадыңыз. Сол кездесу есіңізде ме?

- Астанаға ұзақ ұштық. Қазақстан Еуропадан алыс орналасқан соң және де «Астана» Чемпиондар лигасында бірінші рет ойнағандықтан біз қарсылас командаға аса көңіл бөлмедік. Артынша, жеңілгеннен кейін бірақ «Астананың» қаншалықты мықты команда екенін түсіндік.

- «Астана» сабында кімді танисыз?

- Менімен бірге Македония құрамасында ойнайтын Абдурахими мен Максимовичті танимын.

- Биылғы маусымға өз алдына қандай мақсат қойдыңыз?

- Мен чемпион болу үшін туылғанмын. «Астанамен» бірге Чемпиондар лигасында ойнағым келеді. Сондай-ақ, Қазақстан чемпионатын жеңу біз үшін өте маңызды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или