Сергей Гридин «Қызыл-Жарға» көшті
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстан құрамасының экс-шабуылшысы бірінші лигада бағын сынап жүрген «Қызыл-Жар» командасында мансабын жалғастырады деп хабарлайды vesti.kz.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Сергей Гридин спорттық мансабын бірінші лигада жалғастырмақ. Бір кездері латвиялық «Спартакқа» да жолы түскен шабуылшы еліміздің біраз командасында бой көрсетіп үлгерді. «Шахтер», «Ордабасы», «Ақтөбе» командаларында сәтсіздікке де ұшыраған. 2011 жылы «Тобыл» командасының қатарында ғана 12 гол соғып, ұлттық құраманың сабында Әзірбайжан қақпасына қос бірдей голдың авторы атанған болатын. Содан кейін құрамада да, ҚПЛ-да өз шеберлігін көрсете алмады. ҚПЛ-да қалудың соңғы мүмкіндігін «Тараз» командасында жіберіп алды. Тараздықтардың жаңа бапкері Сергейдің шеберлігін сынау барысында бірден шабуылшыны алудан бас тартқан болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или