«Широки Бриег» бас бапкері: «Еурокубокта «Ордабасымен» кездескіміз келмейді»

«Широки Бриег» бас бапкері: «Еурокубокта «Ордабасымен» кездескіміз келмейді»

Босниялық «Широки Бриег» командасының бас бапкері Славен Муса Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде «Ордабасымен» кездескісі келмейтінін айтты.

«Әрине, сан-маринолық командамен кездескенді қалаймыз – бізге ең жақын мемлекет. Қазақстандық «Ордабасы» түскенін қаламаймын. Алысқа барғым келмейді, еурокубок маусымдарында қатарынан екі жыл бойы Әзірбайжан немесе Қазақстан клубтарымен ойнадық. Бұлар футболға көп көңіл бөлген, мықты командалары бар мемлекеттер. Сондықтан, оларды емес, Сан-Марино не Андорра болса деп тілеймін», - деді Муса.

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Еуропа лигасының екінші іріктеу кезеңінде павлодарлық «Ертіс» «Широки Бриегпен» күш сынасқан болатын. Сол кезде Павлодарда «Ертіс» 3:2 есебімен жеңсе, қарымта кездесуде босниялықтар 2:0 есебімен ұтты. Артынша «Широки Бриег» италиялық «Удинезеге» жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или