Агим Ибраими «Астанаға» тегін ауысады

«Марибордың» жартылай қорғаушысы Агим Ибраими «Астанаға» еркін агент ретінде ауысады.

Бұл туралы словениялық БАҚ өкілдері мәлім етті. «Марибордың» спорт директоры Златко Заховичпен жанжалдасып қалған соң словениялық клуб Ибраимимен келісім-шартты бұзады. Осылайша, Агим елордалық клубқа тегін келеді.

RTVSlo.si порталының ақпаратына сүйенсек, македониялық 27 жастағы футболшымен келісім-шарт 3 жылға жасалады. Ибраимидің «Астанадағы» жалақысы жылына 750 мың еуро болмақ. Трансфер жақын арада ресми түрде хабарланады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, кеше қазақстандық басылымдар «Астана» Агим Ибраимиді 2 миллион еуроға сатып алатынын хабарлаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или