Ла Лигадан ҚПЛ-ға. Огнен Враньеш «Астанаға» ауысуы мүмкін

Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы Огнен Враньеш «Астанадан» ұсыныс алған.

Бұл туралы босниялық БАҚ өкілдері хабарлауда. Оң қапталдағы қорғаушы Ла Лига маусымы біткен соң хихондік «Спортингпен» келісім-шартын ұзартуы мүмкін. Алайда жақында Враньешке «Астанадан» жақсы ұсыныс түсіпті.

Испаниялық басылымдардың мәлімдеуінше, Огнен нақты шешімді бүгін қабылдайды.

Айта кетейік, 26 жастағы қорғаушы баня лукилік «Борац» клубының түлегі. Артынша «Црвена Звезда», «Напредак» (Крушевац), молдавалық «Шериф», ресейлік «Краснодар» мен «Алания», түркиялық «Элязыгспор» мен «Газиантепспор», чехиялық «Пшибрам» клубтарының намысын қорғаған. Ал соңғы жылдары Испания чемпионатына ауысып, «Спортинг» сабында өнер көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или