Дмитрий Шомко: «Әр матч – Чемпиондар лигасына дайындық»

Футболдан Қазақстан құрамасы мен «Астананың» қорғаушысы Дмитрий Шомко «Жетісумен» өткен ойын жайлы және командасының Чемпиондар лигасына дайындығы туралы айтып берді.

— Жақсы ойын өткіздік деп ойлаймын. Бір ғана гол соққанымыз өкінішті, бірақ ең бастысы өз қақпамызды «құрғақ» ұстап қалдық. Есепті еселейтін мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық. Бейсебеков алаңнан қуылған соң «Жетісу» бізді қыспаққа алды. Жеңісті нәтижені сақтап қалғанымызға қуаныштымыз.

— Ұлттық құрамасының ойынынан кейін ел чемпионатында кездесу өткізу ауыр болған жоқ па?

— Өзбасым бүгінгі матчқа қатыспадым, бірақ жігіттер ойынға қойған мақсатты орындады.

— Ұланның ауыр жарақаты команданың көңіл-күйіне әсерін тигізді ме?

— Барлығы Ұланды қолдап жатыр. Оған денсаулық тілеуде. Қоңысбаевтың тезірек айығып, «Атырауға» көмектесуіне тілектеспіз.

— Қазіргі құраммен «Астана» былтырғы жетістігін қайталай алады ма?

— Әр ойын — Чемпиондар лигасына дайындық. Гол соғу тұрғыда проблемалар бар, бірақ ең бастысы қорғаныста гол жібермей жүрміз. Шабуылдағы ойынымызды түзесек, бәрі жақсы болады.

Kazfootball.kz сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или