Пшемыслав Трытко: «Жігіттер жаңа бас бапкер алдында өздерін мықты қырынан көрсеткісі келді»

Пшемыслав Трытко: «Жігіттер жаңа бас бапкер алдында өздерін мықты қырынан көрсеткісі келді»

Көкшетаулық «Оқжетпестің» (2:1) қақпасына жеңісті голды соққан «Атыраудың» шабуылшысы Пшемыслав Трытко «мұнайшылардың» баспасөз-қызметіне сұхбат берді.

- Бұл жаңа бас бапкердің қол астындағы бірінші кездесу болды. Сондықтан ойыншылар өздерін мықты қырынан көрсеткісі келді. Маңызды үш ұпайды еншіледік.

- «Оқжетпес» көп уақыт допқа иелік етті, бірақ бұдан нәтиже шығара алмады...

- Көкшетаулық команда допты жақсы ұстайды. Біз болсақ нәтиже үшін ойнадық. Бірінші гол соққан соң, доптық қарсыластарға бере салдық. Олар бірден есепті теңестірді. Кейін, біз тағы бір гол соғып, «Оқжетпес» қайта допқа иелік етті. Жеңісті нәтижені сақтап қалғанымызға қуаныштымыз.

- Голды қалай соқтыңыз?

- Куртеан маған әдемі пас шығарып берді, мен болсам қақпашының позициялық қатесін ұтымды пайдаландым.

-Командаңыз бұл жеңісті жарақат алған Ұлан мен Алданға арнады.

- Иә. Ұлан мен Алдан, біз сендермен біргеміз! Тезірек айығып кетулеріне тілектеспін. Олардың тез арада арамызға оралатынына сенімдімін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или