Игнасио Эррера: «Херсон Асеведо – менің досым»

Керекулік «Ертістің» чилилік футболшысы Prosportkz.Kz сайтына алматылық «Қайраттың» жаңа ойыншысы Херсон Асеведо мен Америка кубогы жайлы өз пікірін айтты.

- Начо, сіз Қазақ футболындағы алғашқы чилилік ойыншысыз. Енді міне «Қайратқа» отандасыңыз Херсон Асеведо ауысты...

- Мен оны танимын, ол менің досым! Чили жастар құрамасында бірге өнер көрсеткенбіз. Ол соңғы жылдары Ресейде ойнаған. Міндетті түрде оны «Қайратқа» ауысуымен құттықтаймын. Енді алматылық командаға қарсы ойынды асыға күтемін.

- Демек, сіз еліміздегі чилилік футболшылардың жолын аштыңыз. Егерде тағы бір чилилік ойыншы осында келгісі келіп, сізден кеңес сұраса, не деп жауап бересіз?

- Ойланбастан Қазақстанға кел деп айтамын. Өйткені, Қазақстан – өте тату мемлекет. Ал футбол мұнда өте қарқыңды дамып келеді. Әрине, Қазақстан Чилиден өте алыс орналасқан, бірақ осында ойнап жүргеніме қуаныштымын. Чилилік футболшылар Қазақстанға келіп жатса тек қуанамын.

- Чили құрамасының Америка кубогындағы ойыны ұнап жатыр ма?

- Аргентинамен өткен ойында сәттілік жетіспеді. Менің ойымша, біз Кубокты жеңе аламыз. Чили құрамасы өте мықты.

- Чилиден өзге бұл турнирді кім ұта алады?

- Аргентина құрамасы. Олар біздің басты қарсыластарымыз.

- Чили құрамасында кімнің ойыны сізге қатты ұнайды?

- Артуро Видаль – команданың жүрегі! Ол да бізбен бірге Чили жастар құрамасында ойнаған. Өте шебер футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или