Ұлан Қонысбаев үшін маусым аяқталды

Ұлан Қонысбаев үшін маусым аяқталды

Ауыр жарақат алған қазақстандық футболшы Ұлан Қонысбаев әлі де Қытайда ауруханада жатыр. Жартылай қорғаушы биылғы маусымда жасыл алаңға шыға алмайды.

«Атырау» және «Оқжетпес» арасындағы матчтан соң Ұлан Қонысбаев өзінің Instagram-дағы парақшасында командасын жеңісімен құттықтап, биыл алаңға шыға алмайтынын жеткізді.

«Командамды бүгінгі жеңісімен құттықтаймын. Атыраулық футболшыларға, жанкүйерлерге үлкен рахмет! Алғашқы алтылықтың қатарына енуге мүмкіндіктеріңіз бар. Мен оған сенемін. Жарақатым болмағанда, қазір сіздермен бірге жасыл алаңда ойнап жүрер едім. Өкінішке қарай, бұл маусымда сіздерге көмектесе алмайтын болдым. Бірақ тілеулеспін. Алға, Атырау!», – деп жазды Ұлан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Естеріңізде болса, 27 жасар футболшы Ұлан Қонысбаев Далянь қаласында өткен Қазақстан мен Қытай арасындағы жолдастық кездесуде  ауыр жарақат алып қалды. Спортшыға осындай қиын сәттерде дос қызы Ботагөз Балабекова қолдау жасауда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или