Дмитрий Огай: «Тобылдың» «Ақтөбені» жеңгені таң қалдырмады»

Қазақстандық белгілі бапкер Дмитрий Огай футболдан ел чемпионаты 15-тур матчтарының нәтижесі туралы өз пікірімен бөлісті.

«Мені ешқандай нәтиже таңқалдырмады. Білікті ойыншылары бар «Астана» «Жетісуды» қапы қалдырды. «Ордабасының» «Ертісті» жеңуі де логикаға сай келеді. «Тобылдың» «Ақтөбені» жеңгені де таң қалдырмады. Өзімен деңгейлес клуб «Таразбен» кездескенде «Ақжайыққа» өз алаңы көмектесті. Жоғары деңгейлі ойыншылары бар «Қайрат» та біз күткен нәтижені көрсетіп, «Шахтерді» тас-талқан етті.

Гоу мен Аршавиннің ойындары ұнайды, олар біздің чемпионатты сәндердіріп жүр.

«Атырау» да бірінші алтылыққа жақындап келеді, өз алаңында ұпайлар жинай бастады. Бұл да әділетті деп ойлаймын», - деді Огай sportsffa.kz порталына берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или