Ресей-Англия жанкүйерлерінің қақтығысын УЕФА бейжай қалдырмайды

Ресей-Англия жанкүйерлерінің қақтығысын УЕФА бейжай қалдырмайды

Еуропалық футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) Ресей мен Англия құрамалары арасындағы матчы өткен Марсель стадионында болған ресейлік жанкүйерлердің әрекетін бейжай қалдырмайтын болды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, ойыннан кейін ондаған ресейлік жанкүйер ағылшын жаққа мінберге басып кіріп, олардың туын жұлып тастамақ болған. Олар британдарға белгісіз заттар лақтырған. Куәлер мінберде файердің жарылғанын мәлім етті.

Жанжал арнайы қызметкерлер араласқаннан кейін тоқтады.

Ресей спорт министрі Виталий Мутко ағылшын мен ресейлік жанкүйерлер мінбері арнайы буферлік аймақпен бөлінбегенін айтты.

«УЕФА бізге айыппұл салады, түсінемін. Жанкүйерлер өздерін дұрыс ұстамады. Олар біздің топ па, әлде өздері билет алып кіргендер ме, соны анықтаймыз. Ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болмады. Екі жақты бөлу қажет еді, олқылықтар байқалып тұрды», - деді Мутко РИА Новостиге берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или